ҚОНАЕВ. KAZINFORM - «Қазсушар» РМК Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Шелек өзенінің арнасын тазалап, Бартоғай су қоймасының төменгі ағысын нығайтып, су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізіп жатыр.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі су тасқынына қарсы іс-шараларға құм, қапшықтар, арқандар, жарық шамдары мен басқа да қажетті инертті материалдар дайындалғанын хабарлады.
Еске салайық, Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылған болатын.
Салдарынан 28 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Айта кетейік, Алматыда тасқыннан жапа шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек қабылдайтын пункт жұмыс істеп тұр.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.