Shell онжылдықтағы ең ірі газ кен орнын ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлыбританияда орналасқан Deltic Energy компаниясы Солтүстік теңіздің оңтүстік бөлігінде Shell мұнай-газ алыбы әзірлеп жатқан Pensacola учаскесінде газ және мұнай кен орнының ашылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Energy Voice-ке сілтеме жасап.

Delta Energy компаниясының жедел хабарламасында Пенсаколадағы олжа соңғы он жылдағы Солтүстік теңіздің оңтүстігіндегі ең ірі газ кен орындарының бірі болуы мүмкін делінген.

Былтыр қарашада Maersk Resilient өздігінен көтеретін қондырғымен бұрғыланған 41/05a-2 ұңғымасының тереңдігі 1965 метрді құрады. Shell Zechstein Haupt Dolomite құрылымында жылжымалы газ бен мұнайдың болуын растады.

Westwood Global Energy Group мәліметтері бойынша, Deltic хабарлаған көлемдерге сүйене отырып (302 миллиард текше фут газ шығарылады деп күтілуде), бұл 2011 жылы Harbor Energy компаниясы Tolmount кен орнын 300 миллиард текше фут ашқаннан кейінгі 10 жылдан астам уақыттағы ең ірі кен орны.

P2252 учаскесін әзірлеуге арналған лицензия Shell корпорациясына (65%), Deltic (30%) және ONE-Dual (5%) серіктесіне тиесілі.

Haupt Dolomite коллекторының жоғарғы қабатын 1745 метр тереңдікте ашып, коллектордың қалыңдығын 18,8 метрде ұңғыма растады, бұл орташа есеппен 16% құрайды.

Deltic бас директоры Грэм Свинделлстің айтуынша, аталған жаңалық компания дамуындағы маңызды кезең болды.

«Біз Selene ұңғымасын бұрғылауға дайындықты жалғастырамыз және серіктестерімізбен берлесіп жұмыс істеуді асыға күтеміз. Сонымен қатар нарықтағы мақсаттарымыз туралы хабарлауды жоспарлап отырмыз», - деді Грэм Свинделлс.

Shell компаниясы ресми өкілінің айтуынша, корпорация Солтүстік теңіздің оңтүстігіндегі Пенсакола учаскесінде барлау, бұрғылау және ұңғымалау сынағы газдың бар екенін көрсетті.

«Қазіргі сәтте біз кез-келген даму мүмкіндігін бағалаймыз», - дейді компания өкілі.

Deltic акцияларының бағасы көтеріліп, осы материалды жазу кезінде шамамен 3,2 пенс деңгейінде саудаланды.

Deltic үшін ұңғыманы бұрғылаудың таза құны 11,1 миллион фунт стерлингті құрайды деп күтілуде. Бұл бұрғылаудан кейін эксплуатацияға беру талаптары, ауа-райы, қосымша сынақ шығындары және инфляция мен валюта бағамының ауытқуын қоса алғандағы нарық әсеріне байланысты.

Фото: energyvoice.com