«Сағат 12:45-тен бастап күннің бұзылуына орай жолдың көрінуі қиындап, қатты жел тұруына байланысты «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 36-102 шақырымдары аралығы көліктің барлық түрі үшін жабық»,-делінген хабарламада.
Бұл Предгорное ауылынан Шемонаиха қаласына дейінгі учаске.
Айта кетейік, осыған дейін аталған жол бөлігінің 105-123 шақырымы қоғамдық және жүк көліктері үшін жабылғанын хабарладық.