«Оңтүстік Қазақстан облысында контрабандалық көліктерді тіркеумен айналысқан тіркеу-экономикалық бөлімінің жоғары лауазымды қызметкерлері құрған қылмыстық топ әшкереленді», - деді ол бүгін ҚР Парламенті Сенатында экономикалық қылмыстардың алдын алуға қатысты өткен «дөңгелек үстелде».
Агенттік басшысының орынбасары, аталмыш топтан мемлекеттік бюджетке салынған шығын көлемін жария етті.
«Бүгінгі таңда 1 мыңға жуық көлік анықталды, төленбеген баж салығының көлемі 4,4 млрд. теңгені құрайды. Облыстық тіркеу-экономикалық бөлімінің басшысы, полковник Жапаровтың басшылығындағы қылмыстық топтың 30 мүшесі қамауға алынды, тергеу жүргізілуде», - деді Алик Шпекбаев.