Шенеуніктер отандық көлік мінуге міндеттеледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы мемлекеттік сатып алуларға импорттық автокөліктерге 2 жыл мерзімге тыйым салу туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автомобиль саласы кәсіпорындарының одағына сілтеме жасап хабарлайды.

Одақтың мәліметі бойынша, мұндай қадам отандық нарықтың мүддесін қорғау үшін жасалып отыр.

«ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 14-бабына сәйкес,елдің ішкі нарығын қорғау және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында ҚазақстанРеспубликасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ҚазақстанРеспубликасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шетмемлекеттерден шығарылатын тауарларды ұлттық режимнен алып қою белгіленсін.

2. «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатыбар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндірген тауарлар мемлекеттік сатыпалуға қатысуға жіберілсін» делінген Қаулы мәтінінде.

Ұлттық режимнен алынған тауарлар тізіміне жеңіл автокөліктереніп отыр.

«Тиісті қаулы күшіне енді және екі жыл бойы әрекет етеді.Құжат «СТ-КZ» нысанындағы сертификаттың міндетті талабы бойынша тек отандықөндірушілерден ғана мемлекеттік сатып алуды және жалға алуды жүзеге асырудыұйғарады», - дейді автоөндірушілер одағының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директорыАртур Мискарян.

Қаулыны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіәзірлеген.

«Былтыр отандық автозауыттар шығарған өнімнің 11 пайызға жуығын мемлекеттікқұрылымдар сатып алған. Конкурсқа қатысу үшін «СТ-КZ» сертификатының бастыталап ретінде қойылуы мемлекеттік сатып алу рәсімін неғұрлым ашық етеді», -дейді Арутр Мискарян.

Соңғы жаңалықтар