Шенеуніктерді отандық көлік мінуге міндеттеу қандай нәтиже бермек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов мемлекеттік сатып алулар аясында меморгандарға шетел автомобилі мен техникасын алуға тыйым салудан болатын нәтижемен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Бірнеше жылданбері Кедендік одақ аумығында, яғни ЕАЭО аясында ұлттық режімнен алып тастау секілдітүсінік қолданылып келеді. Осы жылдары біздің бизнес-қоғамдастық бұл реттеөтінім жасамады және мұндай жеңілдіктерді пайдаланбады. Өткен аптада ұлттықрежімнен алып тастауды белгілеу бойынша Үкімет қаулысы қабылданды. Оныңтізіміне автомобильдер, трансформаторлар мен кабельдер енді»,- деді А. ЕржановҮкімет үйінде өткен баспсөз мәслихатында.

Осы орайда олаталған тыйым салудың тетігін түсіндірді.

Атап айтқанда, үшбірдей қауымдастық тиісті ұсыныс енгізіп, онда осы өнім түрлері бойынша ұлттықрежімнен алып тастауды бекіту ескерілген. Бұл тұрғыда мемлекеттік сатыпалуларды іске асыру кезінде машина жасау өнімдері үшін, яғни импорттықкөліктерді алуға екі жылдық тыйым салу режімі бекітілді.

«Тек отандық өнімсатып алынады. Осы салаларда отандық кәсіпорындардың дамуы болады деп жоспарлыпотырмыз. Бұдан бұрын осы үшін трансформатор мен автомобиль бойынша импорттықөнім алынған еді», - деді ол.

Бұдан бұрынхабарланғандай, шенеуніктер отандық көлік мінуге міндеттеледі.

Үкімет басшысымемлекеттік сатып алуларға импорттық автокөліктерге 2 жыл мерзімге тыйым салутуралы Қаулыға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар