Шеремет автомобиліндегі жарылғыш қолдан жасалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина құқық қорғау органдары журналист Павел Шереметтің өліміне байланысты тексеру барысында оның машинасында іске қосылған жарылғыш құрылғы қолдан жасалғанын анықтады.

Бұл туралы Ұлттық полиция мен Бас прокуратура өкілдері  Шереметтің өлімін тексеруге байланысты өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

«Бұдан басқа ведомоствода журналистің өлімін тексерген Федеральды тергеу бюросының (ФТБ) өкілдері Украйнадан кеткенін мәлім айтты.

"ФТБ қызметкерлері маман ретінде тартылған. Олар біздің эксперттерге қосылып заманауи құрылғыларымен оқиға орнын, автомобильдің өзін қарады. Олардың жарылыстарды тексеруде тәжірибелері жеткілікті», деп атап өтті құқық қорғау қызметкерлері.  

Павел Шеремет  20 шілдеде Киевте қаза тапты. Ол радиодан берілетін таңертеңгілік эфирге бара жатқанда жарылғыш құрылғы іске қосылған.