Шереметьево әуежайына қолайсыз ауа райы салдарынан 30 ұшақ қона алмауда

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Қолайсыз ауа райы Шереметьево әуежайының жұмысына зиянын тигізді, деп жазады РосБизнесКонсалтинг.

Ауа райының қолайсыздығынан отыз рейс кешігу үстінде, делінген аэроайлақ сайтында.

Атап айтқанда, Прагадан Венаға, Берлиннен Екатеринборға дейінгі рейстер кешіктірілді. Сол уақытта Санкт-Петербордың 025-ші рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 22:30-да қонды, бірақ кешігіп қалды. Сағат 22:36-да Шереметьевода сондай-ақ Парижден ұшып келген ұшақ қонды.

Мәскеуден Петерборға дейінгі екі рейс кейінге қалдырылды. Олар солтүстік астанадан белгіленген уақытта ұша алмады.

Бұдан басқа, Домодедовода ұшуы тиіс төрт рейс тоқтатылып, он алты рейс кешіктіріліп қондырылды. Внуководан тоғыз ұшақ ұша алмай, ал жетеуі қона алмауда.

Өткен түні Ресей астанасында 6 см-ге дейін қар жауды, одан кейін әлі де басылмай отырған жаңбыр жауып кетті. Ауа райының қолайсыздығы Мәскеудегі көптеген ұсақ жол апаттарына себеп болды. Бұл ретте мәскеулік орамды автомобиль жолында топырақтың ойылуы салдарынан 17 көлік апатқа ұшырады.