Шереметьево әуежайында 40-тан астам ішкі және халықаралық рейстер тоқтатылды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеудің Шереметьево халықаралық әуежайында рейстер кестесіне сәйкес, 44 ішкі және халықаралық рейс тоқтатылды.

Санкт-Петербор қаласына ең көп рейс тоқтатылды - олардың саны - 16, Калининград, Хельсинки және Екатеринбор бойынша 4 рейс, Прага, Волгоград, Пермь, Рим қалаларына екі-екіден рейстер кейінге қалдырылды. Сондай-ақ Самара, Франкфурт, Гамбург, Токио және Варшава рейстері де тоқталды, деп хабарлайды РБК.

Шереметьево әуежайы баспасөз қызметінің хабарламасында, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, әуежай әуе кемелеріне отырғызуды және олардың ұшуын қамтамасыз етіп отырғаны, ал жолаушылар терминалы қалыпты ережеде жұмыс істеп жатқаны айтылады.

Шереметьевоның барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, әуежайдағы қар мен мұзды тазалау үшін 4 бірлік арнайы техника пайдаланылуда.