Шереметьево әуежайында екі ұшақ соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шереметьево әуежайында екі ұшақ соқтығысты, деп хабарлайды РБК.

Лайнердің бортында жолаушылар да экипаж мүшелері де болмаған, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

Агенттік өкіліне осы мәселе бойынша сұхбат берген адамның айтуынша, екі ұшақты да «Аэрофлот» пайдаланады.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, ұшақтардың бірін сүйреу кезінде ол екіншісіне соқтығысқан. Екінші ол лайнер ол кезде перронда тұрған.

Қазіргі таңда осы оқиғаның себеп салдарына қатысты ішкі тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Осыған дейін Шереметьево әуежайында A321 ұшақтарының соқтығысқандығын дереккөзге сілтеме жасап РЕН ТВ арнасы хабарлаған болатын. Оның өкілінің сөзінше, лайнерлердің қанаттары бір-біріне тиіп кеткен.

Нақтырақ айтқанда, Владивостокқа ұшуы тиіс ұшаққа отын құйылып жатқан. Екінші ұшақты бұл уақытта сүйреп бара жатқан болатын.