«Соңғы деректер бойынша, 13 адам қаза тапқан, алтауы жарақаттанған. Бұған қоса бірнеше жолаушының тағдыры белгісіз», - деді дереккөз.
Еске сала кетсек , Мурманскіге қарай ұшып шыққан SSJ-100 жолаушылар ұшағы Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қайта қонған.
«Ұшақ моторында шыққан өртке байланысты кері оралған», - дейді дереккөз.
Дереккөздің пікірінше, апаттық жағдайда қонған жолаушылар ұшағын найзағай соғуы мүмкін.