Бұл жолы ұрылардың құрығына Ыстамбұлдан таңғы алты кезінде ұшып келген жолаушы түсті. Аса ірі көлемдегі ақшаны Dтерминалы арқылы өткізіп жатқан ер адамды жекеменшік күзет кәсіпорнының қызметкерлері тосып тұрған. Алайда бұл алдын алу шараларының көмегі болмады. «07:00 кезінде бетперде киіп, автоматпен қаруланған бірнеше ер адам әлгі күзетшілердің қолдарына кісен салған, артынша әуежай ғимаратынан шығып бара жатқан жолаушының сөмке толы ақшасын тартып алып кеткен», - деп хабарлады ІІМ Көліктегі Бас басқармасы баспасөз қызметінен.
13:29, 27 Қараша 2013
«Шереметьевода» Ыстамбұлдан келген жолаушының 2,7 млн. долларын ұрлап кетті
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Мәскеудің «Шереметьево» әуежайында кезекті рет адам тоналды.