Шереметьеводағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу басталды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - SSJ-100 апатынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«SSJ-100 апатынан зардап шеккендерге алғашқы өтемақы төлеу 8 мамырдан басталды», - деді Топилин.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова зардап шеккен бірнеше адам мамыр мерекелерінен кейін ауруханадан үйлеріне шығарылуы мүмкін екенін айтты.

«Зардап шеккендердің үйлеріне қайтарылатындығы сөзсіз. Барлығының жағдайы жақсы», - деді ол.

Скворцованың айтуынша, ұшақ апатынан зардап шеккен екі науқастың ғана жағдайы ауыр.

«Жағдайы ауыр екі науқас бар, - деді ол, - Ең ауыр халдегісі Скоифософский институтында жатыр».