Шерзат Полаттың өлімі: айыптаушыларға қандай жаза тағайындалды

Фото: видеодан алынған скрин

ТАЛДЫҚОРҒАН.KAZINFORM –Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Айыпталушыларға келесідей сот үкімі шықты: Абзал Шынасыл 23 жыл, Равиль Сакиев 20 жыл, Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жылға сотталды. Ал, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға, «Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) 1 жыл 6 айға сотталды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға 7-23 жыл арасында жаза сұрағанын жазғанбыз.

Бұған дейін, Шерзат сотындағы жарыссөзде айыпталушылар не айтқанын жазғанбыз.

Сонымен қатар сотталушы Шерзаттың әкесін оның өліміне күдікті деп тануды сұрағанын хабарлағанбыз.