Шерзат Полаттың ісіне байланысты сот онлайн өтеді
13:15, 10 Сәуір 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM - ҚР Жоғарғы Соты республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Бүгін, 2025 жылдың 10 сәуірінде сағат 12:00-де Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.
Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналында мына сілтеме бойынша көруге болады:
Жоғарғы Соттың Telegram арнасына жазылыңыз: https://t.me/Jogargy_sot және әлеуметтік желілердегі Жоғарғы Соттың ресми аккаунттары бойынша жаңартуларды қадағалаңыз.
Айта кетейік, Талдықорғанда Шерзат ісіне байланысты сот басталды.