Судьяның айтуынша, қызметтік тексеріс барысында сот процесін онлайн трансляциялау кезінде техникалық қызметкерлер тарапынан эфирді уақытылы тоқтатпау дерегі анықталған. Соның салдарынан күдіктілердің бейнесі көпшілікке жария болған.
Аталған жағдай бойынша техникалық қызметкерлер — Рүстем Муксинов, Назира Оразәлиева және Сәуле Қайдағұлова тәртіптік жазаға тартылды.
Сонымен қатар кешегі сот отырысында аудио жазбаға байланысты судья Ержан Жанұзақов қаулы жасап, Алматы облысы прокурорының назарына ұсынды.
Еске сала кетейік, судья блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасаған болатын.
Бұған дейін мемлекеттк айыптаушы сотталушылардың әрқайсысына Қылмыстық кодекстің қай баптары бойынша айып тағылғанын айтқан еді.
— Абзал Шынасыл Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бап 2-бөлігі 1,4,7, 9,14-тармақтары (адам өлтіру), 24-бап 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу);
— Равиль Сәкиев Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бап 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 99-бап 2-бөлігі 7,9-тармақтары (адам өлтіру);
— Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Азамат Тоқтаубаев Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық).
— Кәмелетке толмаған Дидар Ысқақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша айып тағылып отыр.