ТАЛДЫҚОРҒАН.KAZINFORM – Шерзат Полаттың қазасына байланысты істі қараған судья Ержан Жанұзақов оқиға орнында болған екі әйел Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты жеке қаулы шығарды.
– Рузбакиев, Қазекенов, Нұрбекова, Жақсыгелдіге қатысты тексеру жүргізу қажеттілігі туралы Алматы облысы прокурорының назары аударылсын. Жекеше қаулыны қарау, қолданылған шаралардың нәтижесі туралы Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 1 айдан кешіктірмей хабарлансын, – делінген судья Жанұзақов шығарған қаулыда.
Бұған дейін, прокурор куәгер қыздардың іс-әрекетін қайта тексеруді сұрағанын жазғанбыз.
Тастан Тоянов
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған. Түрлі ақпараттық платформаларда қызмет етті. Қазіргі уақытта Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.