Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай жарыссөзде куәгер ретінде танылған Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты қайта тергеу жүргізуді сұрады.
— Іс бойынша сұралған куәлар Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді әрекеттерін тексеру және оларға құқықтық баға беру үшін жеке қаулы шығаруды, оны Алматы облысы полиция департаментіне жолдауды сұраймын, — деді прокурор.
Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы Арлан Қазыкенов пен Юлдаш Розыбакиевке қатысты дәл осындай өтініш жасады.
— Сотта сұралған куә ретінде Арлан Қазыкенов пен Юлдаш Розыбакиевке қатысты процессуалды шара қабылдау үшін жеке қаулы шығарып, Алматы облысы полиция департаментіне жолдауды сұраймын, — деді Дана Сәрсенбай.
Еске салайық, бұған дейін прокурор айыпталушыларға 7-23 жыл арасында жаза сұрағанын жазғанбыз.
Бұдан бұрын сотта куәгер Эльмира Нұрбековадан жауап алынған еді.
Сонымен қатар екінші куәгер қыз Дана Жақсыгелді оқиға туралы баяндаған болатын.