Шерзод Давлатов Астанадағы Grand Slam турнирінің қола жүлдесін иеленді

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада жалауы желбіреген дзюдодан халықаралық Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында отандық спортшы Шерзод Давлатов қола медаль иеленді.

Фото: ҰОК

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін белдесуі керек болған тағы бір қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин алған жарақатына байланысты бозкілемге шығудан бас тартты. Осылайша, жеңіс мерзімінен бұрын Шерзод Давлатовқа бұйырып, ол турнирдің қола жүлдесін қанжығасына байлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Qazaqstan Barysy Grand Slam-ның алғашқы күнінде 6 отандасымыз жүлде үшін белдесетінін жазған едік.