- Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Шерзод Давлатов (–60 кг) финалда түрік балуаны Салих Йылдызға ескерту саны бойынша есе жіберіп, күміс медаль иеленді, - деп жазды Спорт комитетінен.
Айта кетейік, отандасымыз жарыстың ширек финалында Нигерия өкілі Мұса Әбубәкірді, ал жартылай финалда Мысыр спортшысы Махмұд Хусейнді жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алған болатын.
VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан атынан 98 спортшы өнер көрететіні хабарланған болатын.