АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Польша астанасы Варшавада өтіп жатқан Еуропа кубогінің қола жүлдегері атанды.
Ол 60 келі салмақта барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Жұбаныш финалында отандасымыз грузиялық Тома Гелашвилиді жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетерлігі, Варшавада ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогіне 37 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Германияның Гейдельберг қаласында пара дзюдодан өткен Гран-при турнирі қазақстандықтар үшін табысты аяқталды.
Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, жарыстың соңғы күні Зарина Раифова J2 санаты бойынша 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.