Шешенстанда алғаш рет шешен әйелінің күні атап өтіледі

АСТАНА.  Қыркүйектің  18-і.  ҚазАқпарат -    Республика   президенті Рамзан  Қадыров  жылдың басында белгілеген   Шешен   әйелінің    мерекесі Шешенстанда  бүгін,  жұма күні  алғаш рет   атап өтіледі,

деп хабарлады  «РИА «Новости» агенттігі   республика  басшысының баспасөз қызметіне сілтеме  жасап.

Президенттің   жарлығына сәйкес,  бұдан былай  республикада жыл  сайын    қыркүйектің   үшінші   жексенбісінде Шешен  әйелінің   күні атап  өтілетін болады.   Бұл  мереке  тарихи фактіге - шешен      қыздарының   кавказ  соғысы  жылдары, 1829 жылы   қыркүйектің 14-інде жасаған  ерліктеріне  негізделген.  Генерал  Ермоловтың  қолбасшылығындағы патша  әскерлері    Терек  өзенінің жағасында  орналасқан  Дади-юрт  селосын   өртеп жібергеннен кейін,  36 шешен қызы   тұтқынға түсіп  қалады.   Оларды   патша күзетінің ілесумен  Терек арқылы    салмен   өткізіп  жатқан  кезде,  әйелдер жаудың  қолына түспес  үшін,    салды  батырып,     өздері    қаза тапқан, патша әскерлерін де  өздерімен  бірге суға ала кеткен.

Республика президентінің баспасөз қызметінен  нақтылағандай,    әйелдер  мерекесі  биыл  қыркүйектің 20-сына келеді,  бірақ  бұл  күндері    Ораза  айттың  тойлануына байланысты     шешен  әйелінің күні   қыркүйектің 18-іне ауыстырылып отыр.

Қадыров    бұл күнді шешен  әйелдері  үшін нағыз мерекеге айналдыру  туралы міндет    қойды.  «Бұл атаулы күн   бізде алғаш рет    аталып өтуде,    бұл  күн   біздің  әйелдер  үшін  Наурыздың 8-і сияқты    жарқын  мереке  болуы   керек.  Біздің  міндетіміз -   олардың  жүректеріне  қуаныш сыйлау»,  - деп мәлім етті  Қадыров  мерекеге  дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің   отырысында.

Гудермес  ауданындағы осыдан 190 жыл бұрын өртеп жіберілген    селоның   орнында  жұма  күні   әйелдер күніне арналған  мемориал ашылады.