деп хабарлайды РБК.
Шешен Республикасының Үкіметі басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, осындай мәлімдемені республика мұсылмандарының рухани басқармасының төрағасы Сұлтан Мирзаев Шешен елінің жергілікті жерлердегі имамдары мен қадилерімен кездесу кезінде айтты. Мүфтидің айтуынша, қалыңдықты ұрлап кету, қызға қарсы зорлық актісі болып және оның отбасын қорлағандық болып табылады. С.Мирзаев атап өткендей, мұндай тәжірибе шешен дәстүріне қайшы келіп, отбасылар арасында араздық пен дүрдараздық тудырады. Бұл араздық көп жағдайда бірнеше жылдарға да созылып кетеді.
Қалыңдықты ұрлау Құранға және Ресей заңдарына қайшы келетінін еске сала кеткен ол арты қайғыға душар еткен бір мысалды да айта кетті. Мәселен, өткен жылы қыз ұрлап келе жатқан бір топ жігіт, қуғыннан қорқып, көлікпен қатты жылдамдықпен келе жатып, жол-көлік апатының орын алуына жол берді. Нәтижесінде, төрт жігіт пен ұрланған қалыңдық та оқиға орнында көз жұмды.
«Ендігіде қалыңдық ұрлағаны үшін осы қылмысты жасаған да, ұрланған қыздың өзін ұрлаған адамға тұрмысқа шығуына зорлықпен көндірген дін өкілі де жауапкершілікке тартылатын болады. Қыз ұрлаған азамат ұрланған қыздың ата-анасына кешірім ретінде 1 млн. рубль көлемінде айып төлеуі тиіс. Ал, өзінің билігін асыра пайдаланып, қыздың әкесіне психологиялық қысым көрсеткен имам немесе кадий өзінің қызметінен, сонымен қатар, өзінің рухани лауазымынан айырылады», - деп мәлімдеді С.Мирзаев.
Мүфтидің тапсырмасымен бұл шешім Шешен Республикасының қалалары мен ауылдарының барлық тұрғындарына жеткізілуі тиіс. Кеңес жұмысына республиканың 300-ден астам имамдары мен кадийлері қатысты.