Шешенстанда Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шешенстанда  Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС.

«Бастапқы мәліметтерге сәйкес, қаза болғандар саны 8 адамға дейін жетті деген ақпарат бар. Аталған мәліметтер анықталу үстінде», - дейді дереккөз.

Сонымен қатар, тікұшақтың шекаралық қызметке тиесілі екендігі айтылады.

Белгілі болғандай, апат Шешенстанның Итум-Калинск ауданында орын алған.