«Мен осы уақытқа дейінгі Қазақстанның инвестициялық саясатының дұрыс бағытта болғандығын атап айтқым келеді. Алайда, соңғы 2-3 жылда дағдарыс әлем экономикасына, сонымен қатар Қазақстанның экономикасына да өзгертулер енгізді. Сондықтан біз Қазақстандағы шет ел инвестициясын диверсификациялауды көздейміз. Осы уақытқа дейін шет елдік инвестицияның басым бөлігі шикізат өндіру саласына салынып келді. Бұл түсінікті де. Өйткені онда кепілді мұнай, газ сияқты өнім бар. Біз алдағы уақытта басқа салаларға қарқынды түрде инвестиция тартуды көздеп отырмыз», деді Премьер-Министр.
Ол сондай-ақ өз сөзінде әлемде инвестициялық құрылымның өзгеріске ұшырауда екендігін атап өтті. «Осы уақытқа дейін «үлкен жиырмалық» елдері негізгі инвесторлар болып келді. Бірақ қазіргі жағдайға қарасақ, «үлкен жиырмалық» алдағы 2-3 жылда өз мәселелерін шешумен айналысатынын көрсетеді. Қазіргі әлемде G20-лық елдері негізгі инвесторларға айналып келеді. Бірақ қандай өзгеріске қарамастан, Қазақстанның даму мен инвестициялық әлеуетінің ауқымдылығына зор сенім білдіремін», деді Кәрім Мәсімов.