Шет елде лаңкестік топтың құрамында соғысып жүрген тұлғаны қаржыландыру әшкереленді

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков бүгін өтіп жатқан ведомствоның алқа отырысында лаңкестік пен діни экстремизмді қаржыландырудың көздерін анықтау мен әшкерелеу бойынша қаржы полициясының жұмысын ерекше атап өтті,

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Алғаш рет қаржы полициясы шет елде лаңкестік қаруланған топтың құрамында соғысып жүрген тұлғаны қаржыландыруды әшкереледі. Радикалдық діни ағымдарды қаржыландыруға қатысы бар 16 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Экстремизм мен лаңкестіктің жақтастарына қатысты 68 қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында есіртке заттарының заңсыз айналымынан табылған ақша қаражаттарын заңдастыру фактісі әшкереленді (15 млн. теңгеден астам сомаға 100 кг астам марихуана, 1 кг астам героин).

Ведомство басшысы Рашид Түсіпбеков осы бағыттағы жұмысты күшейтуге тапсырма берді