Шет елде жұмыс істеуге ниетті жастарды дайындайтын орталықтар ашылмақ
АСТАНА. KAZINFORM – Шет елдерде жұмыс істеуге ниетті жастарды дайындайтын орталықтар ашылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеу меттік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.
«Жастарды жұмыспен қамту бағытында да жасалып жатқан шараларды атап өтсек. Бұл ретте, студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу үшін Электронды еңбек биржасында тиісті маркет-плэйс әзірленіп, қазіргі таңда тиімді жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстар жасалып жатыр», — деді министр.
Оның атап өтуінше, әрбір азаматқа өз мансабының траекториясын басқаруға мүмкіндік беру үшін Mansap compasy жүйесі әзірленді.
«Шет елдерде жұмыс істеуге ниеттенген жастарға халықаралық келісімшарттарға сәйкес Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында даярлық курстарын ұйымдастыру орталықтарын ашу көзделіп отырғандығына назар аударамын», — деді Светлана Жақыпова.