«Отандық өндірушілер алғаш рет жақын көршілерге ет тасымалдай бастады. Былтыр қазақстандық кәсіпкерлер 16 мың тонна ет пен ет өнімдерін Ресейге жөнелтті. Бірақ ол аз, мәселен, Ресей мен Қытай өзге елдерден 1 миллион тонна етті шетелден сатып алады. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік, осы нарықты біздің ет өндірушілер басуы керек», - деп атап өтті ол.
Оның сөзі бойынша, қазіргі уақытта Қытай азық-түлік қауіпсіздігінің жаңа стандарттарын енгізуде. Осыған байланысты, Қытайда органикалық азық-түлікке деген сұраныс еселеп артпақ.
«Қазақстанда мал жайылымы табиғи тұрғыда іске асады. Мал басы да жетерлік деңгейде көбейтілуде, инфрақұрылымдар дамытылуда», - дейді вице-министр.
Айта кетейік, Астанадағы «КazMeatAstana-2016» халықаралық форумына 14 елден 300-ге тарта қатысушы келген. Олардың ішінде Қытай, Канада, Италия, Жаңа Зеландия, Түркия елдерінің өкілдері бар.
11:54, 16 Наурыз 2016
Шет елден 1 млн тонна ет алатын Қытай мен Ресей нарығы Қазақстан шаруалары үшін үлкен мүмкіндік - ҚР АШМ (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай мен Ресей өзге мемлекеттерден 1 млн. тонна ет импорттайды. Бұл нарықты қазақстандық ет өндірушілер алмастыруы тиіс. Бұл туралы бүгін KazMeatAstana-2016 атты халықаралық форумда ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.