деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Негізінен түлектер Астана мен Алматыда жұмыс істейді. Атап айтқанда, ел аймақтары енді қамтылуы тиіс. Өңірлерді де дамыту қажет. Сондықтан бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз», деді Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев аталған форумда сөйлеген сөзінде.
Сонымен отырыс барысында Білім және ғылым министрі бағдарлама аясында оқуларын тәмамдаған бірқатар түлектерді өзі басқарып отырған ведомствоға жұмысқа шақырды.
Министрдің айтуынша, шет елдердегі оқу орындарында өз күшімен түскен 25 мыңға жуық студент білім алуда. Сондай-ақ бүгінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 3 мыңға жуық еліміздің жастары әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқып жатыр.