деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Министрлік жұмысының ауқымды бір саласы шетелдегі Қазақстан тарихына қатысты мұрағаттарды елге жеткізуге бағытталды. Бұл бойынша іргедегі Ресей мен Қытайдан бастап, араб-парсы елдеріндегі, Еуропадағы Қазақстан тарихына қатысты мұрағаттар-құжаттар елімізге жеткізіліп, Ұлттық мұрағат қоры толыға түсті», деді М. Құл-Мұхаммед.
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, Түркия, Мысыр, Қытай, Ресей (оның ішінде Татарстан, Башқұртстан), Өзбекстан, Армения, Венгрия, Германия, Польша, Франция, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерінің мұрағаттық қорларынан Қазақстанға қатысты ХІІІ-ХХ ғасырлардағы 35 мыңнан аса мұрағат құжаттары, 300-ден аса тарихи қолжазбалар, жәдігер басылымдар, жүздеген кино-дыбыс-фотоқұжаттар, телесюжеттер, әртүрлі жылдар журналының жүздеген сандары анықталған. Ал 2001-2007 жылдарда шетел мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен, кітапханаларынан Қазақстан тарихына қатысты 147 мың 377 кадр микрофильм, 16 мың 808 парақ құжат, 785 мұрағаттық іс, 27 шығыс қолжазбасының көшірмесі, 1 мың 819 фотонегатив, 113 түрлі-түсті слайд, 52 киноқұжат, 12 ортағасырлық карта көшірмесі, сондай-ақ 400 мұрағаттық құжаттар жинағы, жәдігер басылымдар, каталогтар, анықтамалықтар Ұлттық мұрағат қорына қосылған.