Барлығы былай басталған. Майт Мюнтель Еуропалық ядролық зерттеулер орталығында (CERN) француздармен бірге жұмыс істеп жүріп, шет тілін үйренуге деген қажеттілікке тап болады. Мюнтель ескі әдет бойынша кітаптар жаттап, аудиожазбалар тыңдауға уақытын сарп етпеді. Ол компьютерлік бағдарлама жасап шығарып, соның көмегімен 2 айдан кейін француздық әріптестерімен емін-еркін тілдесе бастайды.
«Мен алдыма тіл үйрену үдерісін барынша оңтайландыруды баста мақсат етіп қойдым. Менің бағдарламам тіл үйренушінің деңгейін өлшейді де, бұрын білетіндері мен қажетсіз нәрселерді үйретудің орнына ең басты мәселеге зер салғызады», - дейді ғалым.
Мюнтельдің айтуынша, қазіргі қоғамда шет тілдерін білу ауадай қажет. Дегенмен, көп адамдар бұл өте ұзақ әрі жалықтыратын іс деп түсінеді. Сондықтан олар тіл үйренуден бас тартып, есесіне карьерадағы және өмірдегі көптеген әлеуетінен қағылады. Ал төлеп оқыса, қыруар қаражат кетеді.
«Менің бағдарламам ақшаны да, уақытты да үнемдейді», - дейді ғалым.