Семинарға Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ұстаздары қатысуда. Аталған жоғары оқу орнының басшылығы семинарға қатысушылардың жолын, жататын жері мен тамағын өз мойындарына алған. Сондай-ақ шара аясында мәдени бағдарламалар да қарастырылған.
"Бұл шараның негізгі мақсаты - педагогикалық тәжірибе алмасып, шет тілінен сабақ берудегі олардың кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар 2011-2020 жылдары білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Біздің университет соның іске асуына өз үлесін қосуда", дейді аталған жоғары оқу орнының ректоры Сәлима Құнанбаева.
Шара барысында "Жалпы білім беру мектептеріндегі шет тілі білімінің қазіргі күйі" тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, тілге қатысты тренингтер мен шеберлік-сыныптары көрсетіледі.