Шетел азаматы қызын табуға көмектескен Ұлттық ұланның қызметкерлеріне алғыс айтты

Фото: Фото: Polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын тамашалауға келіп, қызын жоғалтып алған Түрік елінің азаматына көмектесті. 

Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға 8 қыркүйекте этноауыл қалашығында болған. Кіші сержант Рауан Иманбердиев пен ефрейтор Нұрдос Манас қараусыз қалған, жылап тұрған қызды байқап қалған. Дереу ата-анасына іздеу салған әскери қызметшілер көп ұзамай қыз баланың әкесін тапты.

Айта кетсек, 8-13 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан ауқымды іс-шарада қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты назарда. Ішкі істер органдары қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтардың тыныштығын сақтау мақсатында күшейтілген режимде қызмет етіп жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталғанын жазған едік.