«Индустрияландырудың басымдықты салаларының инвесторлары корпоративтік табыс салығынан, жер салығынан 10 жыл мерзімге босатылатын болады. Ал мүлік салығынан 8 жылға босатылады», - деді Мемлекет басшысы.
11:58, 12 Маусым 2014
Шетел инвесторлары бірқатар салықтан босатылады - ҚР Президенті
БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Шетел инвесторлары бірқатар салықтан босатылады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші жалпы отырысы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.