«Шетел инвесторлары кеңесінің құрамына бұрын болмаған салалардан жаңа мүшелер қосу, сонымен қатар кеңеске мүше компаниялармен проблемалы сұрақтарды талқылау үшін ай сайын тақырыптық кездесулер өткізу арқылы оны жетілдіруге бағытталған тиісті ұсыныс әзірленді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Оның атап өтуінше, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Инвестициялық штаб құрылған. Оның аясында шетелдік инвесторлармен туындаған проблема сұрақтар тұрақты қаралып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты мәселер талқыланып отырады. Сонымен қатар «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ пен «АХҚО» базасында инвесторлармен тиімді өзара іс-қимылды арттыру үшін арнаулы келіссөз командасы - Task Force құрылған.
«Аталған бөлімше маңызды стратегиялық жобаларды әзірлеу барысында шетелдік компаниялармен Үкімет атынан жалғыз келіссөзші болады», - деді Ардақ Зебешев.