«Жыл басынан бері алғаш рет қыркүйектің қорытындысы бойынша депозиттердің көлемі өткен жылғы желтоқсанның көрсеткішінен асып түсті. Жыл басынан бері өсім 2,9 пайызды құрады және 18,7 трлн теңгеге жетті. Бұл теңгедегі депозиттердің 16,3 пайызға немесе 9,6 трлн теңгеге дейін артуының арқасында болды», - деді ол.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, шетел валютасындағы депозиттер жыл басынан бастап 8,2 пайызға, яғни 9,1 трлн теңгеге дейін қысқарды.
«Ол теңгенің әлсіреуі нәтижесінде қайта бағалау, сол сияқты валютадағы депозиттердің айтарлықтай әкетілуі есебінен қысқарды. Теңгедегі депозиттердің өсуі долларландырудың қыркүйекте 48,7 пайызға дейін төмендеуіне ықпал етті. Өткен жылғы қаңтарда депозиттерді долларландыру 70 пайызға жеткенін естеріңізге сала кетейін», - деді Данияр Ақышев.
Ұлттық банк басшысының дерегінше, жеке тұлғалар салымдарының құрылымында шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 56,8 пайызды, заңды тұлғалар бойынша 42,5 пайызды құрады.