Шетелде шамамен 30 мың қазақстандық студент білім алуда

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Шетелде шамамен 30 мың қазақстандық студент білім алуда.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстандағы шетелдік студенттер ұйымының 1-ші слеті барысында «Болашақ» ҚР Президентінің халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының президенті Бауыржан Байбек мәлім етті.

Оның атап өтуінше, қазақстандық студенттер «Болашақ» бағдарламасы, сонымен қатар басқа да халықаралық білім  беру жобалары аясында оқуда. Слет қатысушыларының атап өтуінше, Қазақстанның жас азаматтары кәсіби деңгейлерін арттырумен қатар өздерінің білімдерін, машықтарын жетілдіріп, жоғары оқу орындарының қоғамдық тыныс-тіршілігіне белсенді қатысуда.