Шетелдегі активтердің 589 млн АҚШ доллары қайтарылды – Бас прокуратура

Фото: Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша елімізден шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген активтерді қайтару тетіктеріне сәйкес Комитет активтерді, оның ішінде шетелдегі активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмыс жүргізуде», - делінген Kazinform агенттігінің ҚР Бас прокуратурасына жолдаған сауал жауабында.

Сондай-ақ сұрау арқылы шет елдермен халықаралық уағдаластықтар шеңберінде арнайы арналар арқылы мәлімет алынады.

«Бүгінгі таңда заңсыз жолмен алынған 997,9 млрд теңгеге жуық активтер қайтарылды. Оның ішінде шетелден қайтарылғаны 589 млн АҚШ долларды құрайды», - дейді ведомстводан.