Евске сала кетейік, ең алғашқы болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз референдумда дауыс беруді бастаған болатын.
Алғашқылардың бірі болып Токио қаласында өткен референдумда дауыс берген Қазақстан азаматы «Нихон» универститетінің 3-курс студенті Жібек Айдын болды.
Артынша Қытайда жаңа Конституция бойынша республикалық референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды. Олар Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай, Сиань және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтарында жұмысын бастады.