— Шетелдерлегі сайлау учаскелері толықтай дайын. 10 тамызда Орталық сайлау комиссиясынан алынған бюллетеньдер мен ақпараттық материалдар ертеңнен бастап, яғни 19 тамыздан бастап жеткізіле бастайды. 20 тамызда барлық 79 учаскеде толықтай болады, — деді ол ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Сонымен қатар, Ерлан Әлімбеавтың сөзінше, Иран мен Украинадағы әскери-саяси жағдайдың күрделілігіне байланысты, Қазақстанның аталған елдердегі елшіліктері жанындағы сайлау учаскелерінің жұмысы тоқтатылды. Сайлаушылар болмағандықтан, Қазақстанның Эфиопиядағы елшілігі жанындағы сайлау учаскесі жөнінде де дәл осындай шешім қабылданды.
— Бүгінге дейін 29 елден 38 шетелдік журналист тіркелді. Мұның географиясы өте кең. АҚШ, Бразилия, Польша, Чехия, Үндістан т. б. мемлекеттердің БАҚ өкілдері бар, — деді ол Құрылтай сайлауында ақпарат тарататын шетелдік журналистер жайында.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың сайлауға көзқарасы қалай өзгергенін жазғанбыз.