Шетелдегі қандастарға қазақ тілін тегін үйрететін онлайн курс басталды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Отандастар қоры» ұйымдастырған қазақ тілі курстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Курсқа қатысу үшін Otandastar Qory Telegram арнасындағы сілтемеге өтіп, өзіңізге қолайлы тілде деңгейлік тест тапсыру керек.

- Курс қазақ тілін парсы тілінде үйренушілерге 7 қыркүйектен басталады;

- Курс қазақ тілін орыс тілінде үйренушілерге 10 қыркүйектен басталады;

- Курс қазақ тілін ағылшын тілінде үйренушілерге 7 қыркүйектен басталады;

- Курс қазақ тілін түрік тілінде үйренушілерге 10 қыркүйектен басталады.

Қосымша ақпарат үшін +7 (778) 552-81-16 нөміріне хабарласу керек.

Қазақ тілі онлайн курстарының кестесін мына сілтемеден жүктеп алуға болады.