«Қазіргі уақытта шетелде жүрген Қазақстанның барлық азаматы Қазақстан аумағына еш кедергісіз кіре алады. Бұл ретте, еліміз азаматтарына шетелге шығуға тыйым салынады», - деді Шахрат Нұрышев.
19:03, 16 Наурыз 2020
Шетелдегі қазақстандықтар ел аумағына еш кедергісіз кіре алады – ҚР СІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары ел аумағына еш кедергісіз кіре алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.