«Бұл бағдарлама қоғамдастыққа шет мемлекеттермен ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективалары туралы ақпарат беруге, Қазақстанның шетелдегі мекемесіндегі мүмкіндіктері мен рөлін белгілеуге бағытталған», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, бұл жұмыстағы негізгі екпін бірінші кезекте инвестициялық және сауда-экономикалық серіктестікті дамыту жайында кеңінен ақпарат беруге қойылып отыр
«Атап айтқанда, біздің тілшілерге шет елдермен ынтымақтастық туралы барынша толық әрі қызық ақпарат беруге ниеттіміз», - деді Ә. Жайнақов.
Бүгінгі бірінші баспасөз мәслихатын Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Өміртай Бітімов өткізуде.