Аталған қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасына шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары мынадай тәртіппен жүргізіледі: Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын; Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде алынған сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар CОVID-19-ға тексеру туралы анықтама берген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген барлық адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулауға жатады.
«СОVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар инфекциялық стационарға ауыстырылады, СОVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдарға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады», - делінген құжатта.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде алынған сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар CОVID-19-ға тексеру туралы анықтама берген адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланбайды. Оларға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.
Еске салсақ, Қаулы өзгерістеріне сәйкес Түркиядан келген жолаушылар 48 сағат ішінде ПТР тест тапсыруға міндетті.