Салықты есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда (240.00 нысаны) жүргізіледі, ол 2022 жылғы 31 наурыздан кешіктірілмей тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсынылуы тиіс.
Бұл мерзім 2021 жылы алынған табыс бойынша белгіленген.
Салық кезеңінің қорытындысы бойынша салық төлеуші 2022 жылғы 10 сәуірден кешіктірмей, табыстың 10% мөлшерінде төлейді.
Декларацияны жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша салық органына қағаз түрінде және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы cabinet.salyk.kz порталында электрондық нысанда тапсыра алады.