Бүгін Мәжілісте тілшілер Үкімет басшысының орынбасарына елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға қатысты сұрақ қойды.
«Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша Бас прокуратураның деректері жарияланып жатыр. Қазіргі кезде 670 млрд теңге қатарылды», - деді Е. Жамаубаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.
Сонымен қатар былтыр күзде Бас прокурор Берік Асылов алыс шетелдерден 400 млн доллар қайтарылғанын айтты.