Шетелден ПТР анықтамасы жоқ 412 қазақстандық келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 наурызда Қазақстан аумағына 32 әуе рейсі келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 32 халықаралық әуе рейсі келді.

4 733 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 321 адам, анықтамасыз 412 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 377 жолаушы, анықтамамен - 2 110, анықтамасыз - 267;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 301 жолаушы, анықтамамен - 1 241; анықтамасыз - 60;
Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 797 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 7 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 130 жолаушы, анықтамамен - 67; анықтамасыз - 63;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 121 жолаушы, анықтамамен - 99; анықтамасыз - 22.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Анықтамасыз келген 357 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.