«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасынын Кедендік кодексінің 39-тарауында айқындалған. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарлардың белгіленген тізімі бар», - деді Қуат Қалдашев комитетте өткен брифингіде.
Сондай-ақ, Кірістер комитетінің өкілі тауарлардың мөлшерлі көлемін атап өтті.
- Аң терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киім де бар) адам басына 1 заттан аспауы тиіс;
- Ұялы телефон (смартфон) – бір адамға 2 бірлік;
- планшет – бір адамға 2 бірлік;
- портативті тасымалданатын компьютерлер (ноутбук, нэтбук) және олардың керек-жарақтары – бір адамға 1 (бір) бірлік;
- зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 зат;
- велосипед – бiр адамға 1 дана;
- бала арбасы – бiр адамға 1 дана;
«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өтуі немесе оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 реттен аспауы тиіс», - деп толықтырды сарапшы.