2021 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді.
5 148 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 5 133 адам, анықтамасыз - 15 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 3 090 жолаушы, анықтамамен – 3 079, анықтамасыз – 11;
- Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, 961 жолаушы, анықтамамен – 960, анықтамасыз – 1;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 774 жолаушы, анықтамамен - 771; анықтамасыз - 3;
- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 321 жолаушы анықтамамен келген;
- Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.
Анықтамасыз келген 13 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.