2021 жылдың 14 мамырында Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Қытай, Германия, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.
Өткен тәулікте 3 165 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 588 жолаушы;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 002 жолаушы;
- Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 100 жолаушы;
- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 77 жолаушы;
- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 149 жолаушы;
- Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 156 жолаушы;
- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 93 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19 жоқ екенін дәлелдейтін ПТР анықтамамен келген.